Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бокстан Ресейдегі әлем чемпионатын Өзбекстан құрамасы жеңіспен бастады
17:48 / 2019-09-09

Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан әуесқойлар арасында ХХ әлем біріншілігіне -63 кг салмақта Елнұр Абдураимовта қатысуда


Ресейдің Екатеринбург қаласында бокс бойынша әуесқойлар арасында ХХ әлем біріншілігі басталды.

Ондағы ашылу салтанатына, өзбек боксшылар құрамасы мен бірге Өзбекстан бокс федерациясы басшысының бірінші орынбасары Сакен Полтовта қатысып, боксшыларға сәттілік тіледі. 

photo5454167583688338290.jpg

Алғашқы күннің өзінде Өзбекстан құрамасынан 75 кг салмақта Фанат Қахрамонов Монголиялық Даваням Давасурен үстінен жеңіске жетіп екінші кезеңге жол тартты. 

10 қыркүйек күні қолғап түйістіретін боксшылардың қарсыластары

-52 кг: Шаҳобиддин Зоиров – Гулижанов (Түркіменстан)
-57 кг: Миразизбек Мирзахалилов – Де Андраде (Бразилия) / Иванов (Польша)
-63 кг: Елнұр Абдураимов – Бин Базиз (Алжир)
-69 кг: Бобоусмон Батуров – Аррегуи (Аргентина) / Миккалеф (Черногория)
-81 кг: Дилшодбек Рузметов – Нармандах Шинебаяр (Монголия)
-91 кг: Санжар Турсунов – Хулио Бланко (Колумбия) / Тейшейра Да Сильва (Бразилия)
+91 кг: Баходир Жалолов – Рогава (Украина) / Рамазан Пурделавар (Иран)

21 қыркүйекке дейін жалғасатын бұл турнирге әлемнің 91 елінен 488-ге жуықспортшылар қатысуда.