Бокс: Өзбекстандық боксшылар «Странжа» турнирінде бірінші орынды алды
Болгарияның София қаласында бокстан өткен беделді халықаралық «Странжа» турнирінде Өзбекстан құрамасы 6 алтын, 2 күміс және 6 қола медаль жеңіп бірінші орынды алды.
Жарыста Сабина Бобокулова, Хожаназар Нортожиев, Абдумалик Халаков, Икболжон Халдоров, Джавахир Умматалиев және Джахангир Закиров өз салмақ дәрежелерінде алтын алды.
Шахзод Музаффаров пен Адхамжон Мухиддинов күміс медел алса, Хуморабону Мамажонова, Хасанбой Досматов, Асилбек Жалилов, Дилшод Абдумуродов, Фазлиддин Эркинбоев және Самандар Джалолов қола медальмен марапатталды.
30-ға жуық елден 250-ден астам былғары қолғап шебері қатысқан турнирде Өзбекстан құрамасының ерлер құрамы бірінші орынды иеленді. Сондай-ақ жалпы командалық есепте Үндістан екінші, Болгария үшінші болды.