Бокс: Өзбекстан құрамасы «Странджа» турнирінде бірінші орынды иеленді
Болгарияның София қаласында 22 ақпан мен 1 наурыз аралығында өткен бокстан «Странджа» халықаралық турнирі өз мәресіне жетті.
Аталған жарысқа қатысқан Өзбекстан ерлер құрамасы 3 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды. Ал әйелдер құрамасы 4 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль еншіледі.

Жарыс қорытындысына орай, Өзбекстан ұлттық құрамасы ерлер мен әйелдер арасында да жалпыкомандалық көрсеткіш бойынша бірінші орынды иеленді.
Медаль саны бойынша екінші орын Қазақстан өкілдеріне бұйырса, үшінші орын Украина құрамасына тиесілі болды.
