Бокстан іріктеу турнирінде Елнұр Абдураимов финалға шықты
Осыған дейін Елнұр австралиялық Харрисон Гарсайдты жеңіп Токио олимпиадасына жолдамаға ие болған еді
Иордания астанасында бокс бойынша Токио-2020 олимпиадасына іріктеу турнирінде Елнұр Абдураимов монголиялық Чинзориг Баатарсухке қарсы өткен жепе-жекте жеңіске жетіп финалға шықты.
Осыған дейін Елнұр австралиялық Харрисон Гарсайдты жеңіп Токио олимпиадасына жолдамаға ие болған еді. Алдағы финалдағы қарсылас қазақстандық Зәкір Сафиулин.
Қазірге дейін Өзбекстан құрамасынан жартылай финал жекпе-жектерінде төрт боксшы рингке шығып олар қатарынан Елнұр Абдураимов финалға жол алды. Алда тағы екі боксшы 57 келі салмақта Миразизбек Мирзахалилов пен +91 келі ауырлықта Баходир Жалолов жұдырықтасатын болады.