Бокс: Бектемір Меликузиев Росадоны жеңді
Кәсіпқой бокстан супер орта салмақтағы (75 келі) өзбекстандық Б. Меликузиев американдық Габриэль Росадоны реванш жекпе-жекте ұтты.
АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында өткен жекпе-жек 10 раунд толық жалғасып, соңында төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Бектемір жеңіске жетті. Үш төреші де өзбекстандық боксшының жеңісін көрсеткен - 99:91.
Осылайша 27 жастағы Б.Меликузиев кәсіпқой мансабындағы жалғыз жеңілісі үшін өзінен 10 жас үлкен Габриэль Росадодан есесін қайтарды.