Бокс: Александр Усик пен Энтони Джошуа жекпе-жегінің күні белгілі болды
Мatchroom Boxing промоутерлік компаниясы бокссүйер қауымға ресми түрде супер ауыр салмақтағы жекпе-жек күнін жариялады.
WBA Super, IBF және WBO чемпионы, 35 жастағы украиналық Александр Усик (19-0, 13 КО) пен 32 жастағы британдық Энтони Джошуа (24-2, 22 КО) арасындағы жекпе-жек 20 тамызда Сауд Арабиясының Джидда қаласында өтеді.
Еске салар болсақ, боксшылар арасындағы алғашқы Ұлыбританияның Тоттенхэм қаласында өтіп, Усиктің жеңісімен аяқталған болатын. Төрешілер 117-112, 115-113, 116-112 есебімен жеңісті украиналық боксшыға берген еді.