«Boeing» өзінің апатқа ұшыраған 737 MAX модельді ұшағын шығаруды қайта бастады
Boeing 737 MAX түріндегі ұшақтарды пайдалану Эфиопия мен Индонезияда орын алған апаттан кейін тоқтаған болатын
«Boeing» компаниясы орта қашықтыққа жолаушыларды тасымалдауға арналған 737 MAX модельді ұшағын екі реттік апаттан кейін бес ай өтіп, қайта шығаруын мәлімдеді. Ұшақтар өндірісі Вашингтондағы Рентон зауытында жолға қойылмақ.
«Алғашқыда өндіріс көлемі төмен болады. Өйткені жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз керек. Бірақ жыл бойы компания дәл осы түрдегі модельді көптеп шығаруға барын салатын болады, делінген компания мәлімдемесінде.
Boeing 737 MAX түріндегі ұшақтарды пайдалану Эфиопия мен Индонезияда орын алған апаттан кейін тоқтаған болатын. Осы апатты жағдайды толықтай зерттеген компания басшылығы мұны ұшақтың басқаруында ақаулардың бар екенін мойындаған. Кейіннен көптеген елдер «Boeing» компаниясынан ұшақ сатып алудан бас тартқан еді.