Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Boeing» компаниясы көп дауға себеп болған ұшақ атауын өзгертті
01:35 / 2020-08-21

«Boeing» өзінің даулы 737 MAX моделінің атауын «737-8» деп өзгертті. Бұған дейін бұл атау тек құжат жүзінде ғана солай аталған


«Boeing» өзінің даулы 737 MAX моделінің атауын «737-8» деп өзгертті. Бұған дейін бұл атау тек құжат жүзінде ғана солай аталған.

Компанияның ұшақ атауын өзгерткені жайлы жаңалық Польшаның «Enter Air» авиакомпаниясы төрт ұшақты сатып алу туралы келісімшарт жасалғаннан кейін белгілі болды.

Бұл келісімшарт екі ұшақ апатынан кейін осы үлгідегі ұшақты сатып алу туралы алғашқы бітім.

Boeing» компаниясының мәлімдеуінше, поляк әуе компаниясы алдымен екі ұшақты сатып алады, содан кейін тағы екі ұшақты алуы мүмкін. Осыдан кейін авиакомпанияның паркіндегі 737-8 ұшақтары 10 лайнерге жететіні айтылған.

Сарапшылардың пікірінше «Boeing» өзінің ең даулы ұшақтарына жақсы жеңілдіктер ұсынуы мүмкін. Әуе апатынан кейін 737 MAX-та анықталған бірқатар даулы мәселелерге байланысты осы үлгідегі 400-ден астам ұшаққа тапсырыс берушілер оны алудан бас тартты. Қазіргі уақытта компания ұшақтағы барлық кемшіліктерді орнына келтіргенін мәлімдейді.

«The Wall Street Journal» мәліметі бойынша, АҚШ шенеуніктері ұшақтың 2021 жылдың ақпанына дейін ұшуына рұқсат беруі екіталай. Одан бөлек, басқа мемлекеттерге ұшуларға, ұшқыштарды даярлауға және техникалық қызмет көрсетуге рұқсат беру үшін бірнеше ай қажет болады.

Ал, «Enter Air» компаниясының бас директоры Гжегож Поланиеский барлық мәселелер шешілгеннен кейін «737-8» моделі көптеген жылдар бойы әлемдегі ең жақсы ұшақ болып қалуға мүмкіндігі бар екенін айтқан.