Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Boeing 737 Max ұшағының тестілік ұшуына рұқсат берілді
07:51 / 2020-06-29

Boeing 737 Max ұшағы Эфиопия мен Индонезияда апатқа ұшырауы салдарынан 346 адамның өліміне себеп болған соң 2019 жылдың наурызынан бастап бүкіл әлемде пайдалануға тыйым салынды


АҚШ-тың Федералды авиация әкімшілігі (FAA) 28 маусым күні «Boeing» концерніне әуе қатнасы үшін қауіпті деп табылып, 2019 жылдың наурызынан бастап халықаралық рейстерден алынған 737 Max ұшағын, қайта сертификаттау мүмкіндігіне орай дүйсенбі күні сынақтан өткізу мақсатында ұшуына рұқсат етті.

Boeing 737 Max ұшағы Эфиопия мен Индонезияда апатқа ұшырауы салдарынан 346 адамның өліміне себеп болған соң 2019 жылдың наурызынан бастап бүкіл әлемде пайдалануға тыйым салынды.

Бұған дейін Конгрессте болған «Boeing» компаниясына сертификат беру туралы түпкілікті шешім қабылданар жиын алдында АҚШ-тың Федералды авиация әкімшілігі басшысы Стивен Диксон ұшақтың қауіпсіздігіне толықтай көз жеткізу мақсатында ұшаққа отырып өзі ұшуға дайын екенін айтқан болатын.

Тест тапсырмаларының бірі - борттық бағдарламалық жасақтаманың жұмыс істеуін тексеру және әуе апаттарына қатысты тергеу нәтижелері бойынша осы модельді ұшақтың апатқа ұшырауына себеп болған MCAS-тің маневрлік жетілдіру жүйесі сынақтан өткізіледі. Егер сынақтар сәтті өтсе, ұшақтар бірнеше ай ішінде қосымша тексерулерден өтуі керек болады.

«Boeing» компаниясы лайнерлерді осы жылдың соңында пайдалануға қайтарады деп күтілуде.