Bloomberg: АҚШ билігі БАӘ-ге 50 F-35 истребителін сатуды қолдайды
«Lockheed Martin» компаниясының жасасқан келісім-шарт құны 10,4 миллиард долларды құрайды
АҚШ Мемлекеттік департаменті бейсенбі күні Конгреске Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) «Lockheed Martin» компаниясының 50 дана F-35 истребителін сатуды қолдайтынын хабарлады.
Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, келісім-шарт құны 10,4 миллиард долларды құрайды.
Бұған дейін Израиль F-35 жойғыштарын жеткізуге үзілді-кесілді қарсы болған. Бірақ 23 қазанда Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мен қорғаныс министрі Бенни Ганц Вашингтонның БАӘ-ге жойғыш ұшақтарын сатуына қарсы еместігі жөнінде шешім қабылдады.
F-35 бұл ядролық қаруды алып жүруге қабілетті көп мақсатты соғыс ұшағы болып, оның жасау жобасына АҚШ-пен бірге сегіз мемлекет (Австралия, Ұлыбритания, Дания, Италия, Канада, Нидерланды, Норвегия және Түркия) қатысқан. Алайда, өткен жылы Вашингтон Түркияның Ресейден С-400 зениттік-зымыран кешендерін сатып алуына байланысты Анкараны бағдарламаға қатысушылар қатарынан шығаруға шешім қабылдады.