French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Білім министрі: Өзбекстан 2030 жылы білім сапасында ТОП-30-ға енуі керек
16:30 / 2020-12-19

2020 жылдың 18 желтоқсанында өткен «Ташкент жастар форумында» Өзбекстан Халықтық білім министрі Шерзод Шерматов «Өзбекстан 2030 жылы білім сапасында ТОП-30-ға енуі керек», екеннін айтты.

«2030 жылға қарай Өзбекстанды білім сапасы бойынша әлемдегі 30 елдің қатарына енгізу жоспарланған. Бұған қалай қол жеткізуге болады?

Біріншіден, мектептердегі жағдайды жақсарту қажет. Бірнеше жыл бұрын мектептердегі жағдай өте нашар еді. Тіпті Ташкенттегі мектептердің жағдайы мақтауға тұрарлық болмады. Бұл жайында алдымызда бірз жұмыстар күтіп тұр. 

Екіншіден, мұғалімдерді ұжымдық жұмыс пен қағазбастылықтан арылту қажет. Қазір олардың біліктілігі дамып келеді. Жаңа заманға сай онлайн-платформаларда сабақ беріп, жаңа білім игеруде.

Ата-аналардың білімге деген көзқарасы да өзгеріп келеді. Олар да баласының болашағы үшін білім беру саласында жүргізіліп жатқан реформаларға қызығушылық танытуда. Бірақ жалпы қоғамдағы білімге деген көзқарас өзгеруі керек. Егер жастар өзгермесе, оқуға деген құлшынысы болмаса, біздің мақсатымызға жету қиын болады », - деді Шерзод Шерматов.