Білім беру мекемелерінде жоғары жылдамдықты интернет тарифтік жоспары енгізіледі
Президент жарлығына сәйкес, жалпы орта білім беру мекемелерінде білім алушылардың санына қарай 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мектепке дейінгі білім беру министрлігіне қарасты білім беру мекемелерінде New Education тарифтік жоспары енгізіледі.
Хабарламаға сәйкес, білім беру ұйымдарындағы бала санына қарай «New Education» тарифтік жоспарының интернет жылдамдығының көлемі анықталды.
400-ге дейін оқушысы бар жалпы орта білім беретін оқу орындарында интернет жылдамдығы кемінде 40 Мбит/с, ал 400-ден астам оқушы барларда 100 Мбит/с болады.
Білім беру ұйымдарының түнгі уақытта интернет қызметін пайдаланбайтындығын ескере отырып, «New Education» тарифтік жоспарының әрбір жоғары жылдамдықты пакеті бойынша ай сайынғы абоненттік төлемі белгіленеді.