Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Биыл Өзбекстан университеттерінде гранттар саны 25 пайызға өсуі күтілуде
11:08 / 2021-03-29

Президенттің «2021-2022 оқу жылында Өзбекстан Республикасы жоғары оқу орындарына оқуға қабылдау мемлекеттік тапсырысының параметрлері туралы» қаулысының жобасы жарияланды.

Құжат жобасына сәйкес, 2021/2022 оқу жылында жоғары білімге мемлекеттік тапсырыс параметрлерін қалыптастырудың негізгі бағытында, 2020/2021 оқу жылымен салыстырғанда мемлекеттік грант негізінде мемлекеттік тапсырыс параметрлерін 25% өсіммен белгілеу қарастырылған.

«Әлеуметтік лифт» қағидаты негізінде әйелдерді жоғары біліммен қамтуды кеңейту мақсатында арнайы грант орындарының санын екі есеге арттыру көзделген.

Мемлекеттік жоғары оқу орындарына мемлекеттік тапсырыс параметрлері бойынша:

Бакалаврларды дайындау үшін:

  • күндізгі оқу бөліміне - 115 343 адам;
  • сырттай оқу формасына - 36 211 адам;
  • кешкі білім беру үрдісінде - 6 325 адам қабылдау жоспарлануда.