French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Биылғы ЖОО-ға қабылдау тест сынақтары қыркүйекте басталады
19:47 / 2020-08-08

Өзбекстанда жаңа оқу жылында жоғары оқу орындарына қабылдау тест сынақтары қыркүйек айының 2 жұлдызынан басталып екі аптаға созылады


Өзбекстанда 2020/21 жылғы жаңа оқу жылында жоғары оқу орындарына қабылдау тест сынақтары қыркүйек айының 2 жұлдызынан басталып екі аптаға созылады.

Бұған дейінгі мақұлданған шешімге сай талапкерлер стадиондарда емтихан тапсыратын болып, сынақ уақыты күніне екі рет өтеді. Алғашқысы күннің таңғы мезгілі сағат 8:00де бсталып 10:00 деаяқталаса, екінші ауысымы кешкі 17:00де басталып 19:00 соңына жетуі белгіленген.

Стадионға келуші талапкерлер арнайы дезинфекциялау дәлізінен өткізіледі және оларға медициналық маска беріп, антисептиктер қолданады. Сынақтар ашық алаңда өтіп жатқанын ескере отырып, талапкерлерге қосымша бас киім (кепка) берілетін болды.