French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Биылғы мақта терімі маусымының төлем тарифтері белгіленді
14:54 / 2019-09-10

Үкімет қаулысына байланысты машинамен терілген мақта бағасына қарағанда, қолмен терілген мақтаның бағасы әлдеқайда жоғары.


Өзбекстан Республикасында 2019 жылғы мақта терімінің жаңа маусымы үшін Үкімет қаулысы қабылданды.

Онад, Өзбекстан Республикасының ауыл шаруашылығы, Экономика және өнеркәсіп, Қаржы, Еңбек және халықты жұмыспен қамту министрліктері, «Узпахтасаноат» АҚ, «Узагросервис» АҚ, «Узтоккумачиликсаноат» қауымдастығы мен Өзбекстан фермерлері және диқан қожалықтары мен жер иелерінің кеңесінің 2019 жылғы мақта маусымы үшін мақтаны жиып алуда оның әр бір келісіне төленетін сомма мөлшері белігленді:

Арнайы теретін машинада терілген мақтаның 1 тоннасы үшін 600 000 сум көлемінде ақша төленеді.

Ал, қолда терілген мақтаның әр келісі үшін алғашқы(бірінші) терімінде 800 сум, екінші терім кезінде 1200 сум көлемінде ақша төленеді.

Мақта терімі маусымы кезінде уақытынша жұмыссыз азаматтардан тағайындалған терімші бөлімдерінің басшыларына ай сайын 2 миллион сумнан, ал мақта терімі орталықтарының басшыларына ай сайын 3 миллион сумнан ақша төленеді.

Сондай-ақ, биылғы мақта терімі маусымында тоқыма компанияларына және кластерлерге мақтаны теріп алулары үшін банктер тарапынан жылдық 16 пайыздық мөлшерлемемен несиелер беру қарастырылған.