Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Биткойн бағасы тарихи рекорд орнатты
10:54 / 2025-05-22

21 мамыр күні АҚШ-та стейблкойндар туралы заң қабылдануы мүмкін деген жаңалық аясында биткойн бағасы күрт өсіп, тарихи рекорд орнатты.

Сауда сессиясы барысында биткойн құны 1,8 пайызға өсіп, 108 949 долларға жетті. Кейін оның бағасы 109 497 долларға дейін көтеріліп, бұл – криптовалюта тарихындағы ең жоғары көрсеткіш ретінде тіркелді. Айта кетейік, бұған дейінгі рекорд 20 қаңтарда, АҚШ президенті Дональд Трамптың инаугурациясы күні орнаған болатын.

Биткойн бағасының өсуіне АҚШ Сенатының «Genius» деп аталатын заң жобасын көпшілік дауыспен қолдауы тікелей ықпал етті. Аталған құжат дәстүрлі валюталарға байланған стейблкойндарды (тұрақты криптоактивтерді) федералдық деңгейде реттеуді көздейді. Заң жобасы енді келесі талқылау кезеңіне өтеді. Оның осы аптада қабылдануы мүмкін екені айтылуда.