Биткоиннің бағасы 25 мың доллардан асты
Биткоиннің айырбас бағамы өзінің тарихи өсу қарқынын жаңартып, 25 мың долларлық шегінен өтті.
CoinDesk-тегі хабарға сай, криптовалютаның бағасы 25013 долларға жетіп, 6 пайыздан астам өскен. Бірақ көп ұзамай бұл көрсеткіш 25 мыңдың деңгейден төмендеп 24 821 доллар тұрақтаған.
Желтоқсан айының ортасында биткоиннің бағасы 5 мың долларға дейін өскен болатын. 16 желтоқсанға келіп криптовалютаның бағасы алғаш рет бір тәулікте 12 пайызға көтеріліп, 20 мыңдық деңгейден асып кетті. 21 желтоқсанда биткоин бағамы 24 мың долларлық көрсеткіштен, келесі бірнеше күнде 24.6 мың доллар аралығында сақталды.