Бирмингемде адамдаға пышақпен шабуыл жасаған азамат қолға түсті
Ұлыбританияның Бирмингем қаласында көшедегі адамдарға пышақпен шабуыл жасады деген күдікке ілінген азамат қамауға алынды
Ұлыбританияның Бирмингем қаласында көшедегі адамдарға пышақпен шабуыл жасады деген күдікке ілінген азамат қамауға алынды.
Уэст-Мидландс полиция мәлімдемесінде «Біз Бирмингемдегі пышақпен шабуыл жасаған қылмыстық күдіктіні қамауға алдық. Күдікті жергілікті уақытпен шамамен 4: 00-де қамауға алынды. Детективтер түні бойы қылмыскерді ұстау үшін жұмыс істеді», - делінген.
Онда айтлуынша қолға түскен қылмыскер 27 жастағы азамат екені белгілі болған. Ол 6 қыркүйекте Бирмингем қаласында көшеде кездескен бірнеше адамды пышақтаған. Мұның нәтижесінде бір кісі қаза тапқаны хабарланды.