Бір тәулікте Өзбекстанда 98 кісі коронавирус жұқтырды
11 сәуір күні де дәл бүгінгі секілді вирус жұқтырған жандар қатары 98 кісіге артқан болатын
Кoronavirus Іnfo Өзбекстандағы ресми ақпараттық арнасының 12 сәуір күнгі мәліметіне сай бір тәулікте 98 кісінің медициналық сараптамасынан COVID-19 індеті анықталған.
Жалпы ел аумағында вирус жұқтырған жандар 865 кісіге жеткен. ДСМ тарапынан кейінгі ауруға шалдыққан жандардың қай өңірден екені жайлы қазірге ақпарат айтылмаған. Сондай-ақ бүгін 24 кісі аурудан сауығып, емделгендер қатары 66-ға жетті. 4 кісі аурудан көз жұмған.
11 сәуір күні де дәл бүгінгі секілді вирус жұқтырған жандар қатары 98 кісіге артқан болатын.