Бір тәулікте 1200-ден астам науқас індеттен сауықты
Өзбекстанда тәулік бойы 1208 науқас аурудан сауығып күндік көрсеткіш бойынша жаңа рекордты жағдай тіркелді
Өзбекстанда тәулік бойы 1208 науқас аурудан сауығып күндік көрсеткіш бойынша жаңа рекордты жағдай тіркелді. Қазірде жалпы коронавирустан сауығып өз отбасына аман оралғандар қатары 16 507 кісіге жетті.
Денсаулық сақтау министрлігінің 2 тамыз кешкі қорытынды хабарына сай бүгін республикада 770 кісіде індет анықталып және 6 науқас қайтыс болған. Елдегі жалпы індет расталғандар саны 25 553-ке жетіп, өлім көрсеткішінде 153 жағдай орын алғаны белгілі болды.