Бір тәулікте 115 кісі коронавирус жұқтырғандығы белгілі болды
Нью-Йоркта 50-60 жастардағы екі өзбекстандық азамат коронавирустан қаза болған
Өзбекстанда 6 сәуір күні тәулік бойы коронавирус жұқтырған науқастар саны 115 кісіні құрап 457-ге жетті.
Бір тәулікте аурулар саны бойынша ең жоғары көрсеткіш 5 сәуірде тіркелген еді 76 кісі. Сонымен вирус анықталған аймақтар қатары 10-ға жетті. 30 кісі емделіп шықты. Екі кісі қаза тапты. Карантин кезінде 30 мыңнан астам азамат тәртіп бұзған. Кейінгі карантиндік мерзімін аяқтап 200-ге жуық Сеуілден арнайы рейсте алып келінгендер үйге оралды.
Өзбекстан СІМ-нің хабарлауынша Нью-Йоркта 50-60 жастардағы екі өзбекстандық(бір ер кісі, бірі әйел) азамат коронавирустан қаза болған. Бұл шетелдегі алғашқы өлім жағдайы.