Binance криптобиржасы Өзбекстанда жергілікті CoinPay платформасы арқылы ресми түрде жұмысын бастады.
«Барлық интеграция кезеңдерінің аяқталғанын және Өзбекстандағы пайдаланушылар енді Binance криптобиржасы тарапынан жасалған шешімнен coinpay.uz/binance платформасы арқылы ресми түрде пайдалана алатынын қуана жариялаймыз», делінген платформаның хабарламасында.
Хабарламада айтылғандай, енді пайдаланушылар өз қаражаттарын банк карталары мен ұлттық төлем жүйелері арқылы ұлттық валютада енгізіп, шығару мүмкіндігіне ие болды.
Binance — цифрлық валюта айырбастау бойынша онлайн қызмет, блокчейн жүйесі мен криптовалюта индустриясы үшін инфрақұрылым провайдері, оның ішінде цифрлық активтер саудасы, инвестициялар, орталықсыздандыру және инфрақұрылым шешімдері, зерттеу, білім және басқа да салаларды қамтиды. Криптовалюта айырбастау қызметі 2017 жылы құрылды және уақыт өте келе бірқатар қызметтерді ұсынатын блокчейн компаниясына айналды.
Еске салар болсақ, 2024 жылдың қаңтар айында Болашағы бар жобалар ұлттық агенттігі Binance криптобиржасына қатысты Өзбекстан заңнамасын, әсіресе криптоактивтер айналымы саласындағы заңнамалық талаптарды бұзғаны үшін айыппұл салу туралы шешім қабылдаған болатын. Содан кейін тиісті талап арызы Ташкент қаласының экономика сотына жіберілді.
2024 жылдың 26 наурызынан 7 маусымына дейін жауапты (Binance криптобиржасы) өкілідің қатысуымен өткен сот процестері нәтижесінде сот агенттіктің талап арызын толық қанағаттандырып, криптобиржадан 300 базалық есептеу мөлшеріне тең айыппұлды Өзбекстан бюджеттіне белгіленген тәртіппен өндіріп алу туралы шешім қабылдады.
Содан кейін Binance криптобиржасы соттың барлық талаптарын орындап, айыппұлды заңнамада белгіленген тәртіппен Мемлекеттік бюджетке толық төледі.