Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Билли Джин Кинг кубогы Глазгода өтеді
12:39 / 2022-06-08

Халықаралық теннис федерациясы (ITF) «Billy Jin King Cup 2022» турнирін Шотландияның Глазго қаласында өткізу туралы шешім қабылдады.

Халықаралық байқаудың финалдық кезеңі 31 жылдық үзілістен кейін қайта ұйымдастырылмақ. 8-13 қараша аралығында өтетін турнирге ағылшындардан бөлек Австралия, Бельгия, Канада, Чехия, Италия, Қазақстан, Польша, Испания, Словакия, Швейцария және АҚШ елдерінен 11 команда қатысады. 

Глазго сонымен қатар қыркүйек айында Дэвис кубогының топтық кезеңін қабылдайтын төрт қаланың бірі. 

Билли Джин Кинг кубогы алғаш рет 1963 жылы Ұлыбританияда ұйымдастырылып, ал соңғысы 1991 жылы өткен.