Билл Гейтс табиғи апаттар коронавирустан да қауіпті болуынан ескертті
Билл Гейтс болашақта әлем жаһандық дағдарысқа тап болуы мүмкін, оның салдары коронавирустық пандемиядан да жаман болады деп болжам жасаған
«Майкрософт» компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс болашақта әлем жаһандық дағдарысқа тап болуы мүмкін, оның салдары коронавирустық пандемиядан да жаман болады, деп болжам жасаған.
Оның айтуынша алдағы бірнеше он жылдықта әлем климаттық өзгеріске тап болады. Ол қазіргі COVID-19 пандемиясының салдарынан бірнеше есе көлемді болуы мүмкін, деп жазған жеке блогында.
Билл Гейтс экологиялық дағдарыстың әсері мен коронавирустық пандемия ахуалын салыстыра тұрып, инфекциядан болған өлім көрсеткіші 100 000 тұрғынға шаққанда 14 адамды құрағанын айтқан. Алдағы 40 жылда жер бетіндегі температураның көтерілуіне байланысты өлім дәл осы пандемиядағы сынды бірдей болады, ал 2100 жылға қарай бұл көрсеткіш бес есеге артады, деген.
Миллиардер климаттың өзгеруіне қарсы әрекетті бастауға шықырып, атмосфераға зиянды көмірқышқыл газ шығындыларының көлемін бақылау үшін ғылым мен инновацияны іске салу керектігін ұсынды. Сонымен бірге, ол экологиялық проблемалармен күрес дамушы елдерде жүргізілуі керек деп санайды. Гейтс адамзаттың ендігі аялдауға уақыты жоқ және ол қазірдің өзінде әрекетті бастау керек екенін айтқан.