Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Билл Гейтс пандемияның аяқталуына қатысты болжамын айтты
13:40 / 2021-11-18

Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс адамзат өміріне қауіп төндірген коронавирустық пандемияның аяқталуына қатысты болжамын айтты.

Майкл Блумберг ұйымдастырған Сингапурдегі «Жаңа экономикалық форумда» Билл Гейтс: табиғи иммунитеттің дамуы, вакцинациялау, жаңа препараттардың пайда болуы аясында өлім мен аурушаңдық күрт төмендеуі керектігі және келесі жылдың ортасына қарай жаңа штаммдар болмаған жағдайда бұл көрсеткіштер тұмау бойынша маусымдық деректерге жетуі мүмкін, деген болжамды пікір білдірді.

 Гейтс форумдағы сөйлеген сөзінде әлемдік қоғамдастықты жаңа пандемия қаупін азайту үшін тұмауды жою бойынша белсенді жұмыс істеуге шақырып, 2022 жылы COVID-ке қарсы вакциналарды жеткізуде қиындықтар болмайды деп санайды.