Билл Гейтс пандемия қашан аяқталатынын айтты
«Microsoft» компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс әлемдегі коронавирус пандемиясы қашан аяқталуы жайлы айтты
«Microsoft» компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтстің болжамынша әлемдегі коронавирус пандемиясы 2022 жылы аяқталуы мүмкін.
«Fox News» арнасының кәсіпкерге, АҚШ-тағы және жалпы әлемдегі эпидемиологиялық жағдай қашан тұрақты қалыпқа қайтады деген сұрағына, Билл Гейтс: егер вақциналарды қолдану мақұлданса АҚШ келесі жылдың жазына қарай қалыпты өмірге оралады. Бірақ біз бұл мәселені жаһандық тұрғыдан қарастыратын болсақ, 2021 жылға қарай аурудың санын азайтуымыз керек. Ол үшін коронавируспен бүкіл әлем бойынша күрес жалғасуы қажет. Сонда ғана әлемдегі коронавирус пандемиясы 2022 жылы аяқталуы мүмкін, - деген ол.
Гейтстің айтуынша, осы жағдайлар орындалған күнде ғана COVID-19 «қайта оралмайтыны» нақтыланады.