French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Билл Гейтс коронавирустың тарауына қарсы 10 миллион доллар қаржы бөлді
16:00 / 2020-01-27

Бөлінген соманың 5 млн долларын Қытайдағы вирустың тарауына қарсы, тағы 5 млн долларын Африкадағы жағдайды бақылауға жұмсалмақ


Әлемдік миллиардерлер арасындағы ең қайырымды және қолы ашық жомарт Билл Гейтс дәл қазір әлемге қауіп төндіріп тұрған Қытайдағы коронавирусқа қарсы күрес үшін 5 млн доллар қаржы бөлген.

ТАСС ақпарат порталының хабарлауынша, Билл және Мелинда Гейтс қоры осы мәселеде қытайлық серіктестермен пневмонияны жоюға атсалысатын - жеке және қоғамдық ұйымдармен белсенді жұмыс жүргізуде. Бөлінген қаражат инфекция жұқтырған адамдарды анықтауға, оларды емдеуге, вирусқа қарсы вакциналардың дамуын жеделдетуге жұмсалады. Тағы 5 млн доллар Африка құрлығындағы елдер аумағына пневмонияның жаңа түрлерінің тарауын алдын алу және азайтуға жұмсалмақ, -дейді Гейтс қорының қытайдағы филиал директоры Ли Ино.

Қазірде Қытайдан бөлек жер жүзінің бірнеше үлкен елдерінде анықталған атаулы вирусты жұқтырғандардың 80-ге жуығы қаза тауып, 2 мыңнан астамы емделуде. Қытай елінің 27 провинциясы жабылып, транспорт қатнауы тоқтатылған. Бұл жағдайдың ушығуына байланысты әлем елдері Қытайға жасар әуе рейстерінде тоқтатып тіпті шекарасын жабуда.