Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Билл Гейтс коронавирусқа қатысты жағдайдың ушығатынын ескертті
02:25 / 2020-10-16


Microsoft корпорациясының негізін қалаушы кәсіпкер Билл Гейтс коронавирусқа байланысты жағдайдың күрт нашарлауы мүмкін екені жайлы ескертті.

«Fox Business» арнасындағы хабарда айтылуынша, Билл Гейтс осы күзде жағдай жағдағы кезеңге қарағанда айтарлықтай нашар болады, деген.

Гейтстің айтуы бойынша, қазіргі кезде аурудың ауқымы артып келеді, ал адамдардың суық түскен шақта көп уақытын жабық жерлерде өткізе бастауына байланысты індеттің одан әрі көбеюіне себеп болады. Сонымен қатар, вакцина дайын болғанға дейін вируспен күресудің жалғыз әдісі бар, ол маска тағып жүру, деген.

Коронавирустың жаңа түрінен туындаған COVID-19 індеті алғаш рет 2019 жылдың желтоқсанында Қытайдың Ухань қаласындағы жануарлар ет базарында тіркелді. Содан бері бүгінге дейін әлемде барлығы 38,5 миллионнан астам адам ауруды жұқтырып, 1,09 миллионнан астам науқас қайтыс болды. Қазіргі уақытта АҚШ-та шамамен 8 миллион адам коронавирус жұқтырған.