Билл Гейтс бар ақшасын қайырымдылыққа жұмсайтынын мәлімдеді
Америкалық бизнесмен, Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс бүкіл байлығын өзінің Gates Foundation қайырымдылық қорына беруге ниетті екенін мәлімдеді.
«Байлығымның барлығын дерлік қорға беруді жоспарлап отырмын. Осылайша мен бірте-бірте төмендеп, ақырында әлемдегі ең бай адамдар тізімінен шығамын», - деп жазған кәсіпкер Twitter парақшасында.
Forbes дерегінше Гейтстің байлығын 122,1 миллиард доллар.
Гейтс шілде айында өзінің қорын кеңейту аясында 20 миллиард доллар беретінін айтты. Ұйымдық шығындар 2026 жылға қарай 6 миллиард доллардан 9 миллиард долларға дейін артады.
Сондай-ақ, кәсіпкер басқа да «үлкен байлық пен артықшылығы зор» адамдар одан үлгі аларына сенім білдірген.