Бүгін – жылдың ең қысқа күні және ең ұзақ түні
Желтоқсанның 22-сі күні Күн экватордан оңтүстікке карай ең алыс қашықтықта болады. Бұл ең қысқа күн – «қысқы күн тоқырауы» деп аталады. Халқымыз бұл күнді «қыс ортасы» деп те атаған. Бұл кезде Солтүстік жарты шарда астрономиялық қыс басталып, Солтүстік полюс қалың қараңғылық құшағында қалады. Қысқы тоқыраудан соң күннің біртіндеп ұзаруы басталады.
Осынау атаулы күнге байланысты бірнеше түрлі наным-сенімдер қалыптасқан. Мәселен, Ежелгі Қытайда қыстағы күннің тоқырауы ең бақытты күн және тойлауға лайықты мейрам (Дунчжицзе) деп саналады екен. Бұл күн жыл сайын желтоқсанның 21-і мен 22-ші жұлдызы аралығына келеді.