Бүгін – жыл бастауы Наурыз мерекесі
Бүгінгі Ұлыстың ұлы күні Түркі халықтарының ұлттық мерекесі болып жыл басының бастауы ретінде тойланады.
Ежелден бастау алған дәстүрлі мерекенің тарихы бес мың жылдыққа саяды. Жаңару мен жасару айындғы осынау қасиетті күнде түркі тектес түрлі ұлттар өзінің салт-дәстүрлі ұлттық нақышта безендірілген киімдерін киіп, ұлттық тағамдарын дайндап, ұлттық ойындары және сахналық қойылымдар ұйымдастырумен жыл басын осындай жоғары көңіл күйде қарсы алады. 2010 жылдан бастап БҰҰ-ның арнайы қаулысымен 21 наурыз «Халықаралық Наурыз мерекесі» ретінде тойланып келеді.
Әз – Наурыз жыл басы жер бетіндегі барша халықтар үшін табысты келіп, шаттыққа толы болсын. Берекелі, мерекелі, ақ мол болып ырысты келсін. Наурыз мейрамыңыз құтты болсын ағайын!