Бүгін Өзбекстанда «Халықтар достығы күні» мерекесі
30 шілде Өзбекстанда «Халықтар достығы күні» мерекесі. Атаулы жаңа мерекелік күн Мемлекет басшысының қаулысымен ресми түрде қабылданған.
Халықтар достығы күнін мереке ретінде атап өтудің басты мақсаты - ынтымақтастық, толеранттылық, ұлтаралық келісімді нығайту және адамдар, мемлекет пен жалпы қоғамның әртүрлі құрылымдары арасындағы достық қатынастарды одан әрі дамыту.
Биыл алғаш рет тойланатын бұл мерекенің шығу тарихы, 2020 жылдың 29 желтоқсанында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев «Олий Мажлиске» кезекті Жолдауы аясында, Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының шешіміне сәйкес 30 шілде Халықаралық достық күні ретінде кеңінен атап өтуі жайлы айтып, бұл датаны Өзбекстанда «Халықтар достығы күні» ретінде белгілеуді ұсынған болатын.