Бүгін, 18 қараша – Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік туы қабылданған күн.
Мемлекеттік Ту туралы Заң 1991 жылы 18 қарашада Өзбекстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 8 сессиясында қабылданды. Бүгін осы күнге 34 жыл толды.
Аталған заңда Мемлекеттік ту Өзбекстан Республикасының мемлекеттік егемендігінің символы сналатыны және халықаралық қатынастарда елдің бейнесі ретінде қабылданатыны нақтыланған.
2023 жылы «Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң қабылданды.
Бұл заң Мемлекеттік туды спорт жарыстарында, жаппай дене шынықтыру және мәдени іс-шараларда, ресми халықаралық кездесулерде, отбасылық мерекелерде, еске алу күндерін атап өтуде, қоғам және мемлекет қайраткерлерін, әскери қызметкерлерді жерлеу рәсімдерінде, сондай-ақ басқа да жағдайларда құрмет сақтай отырып пайдалануға мүмкіндік беретін ережелерді енгізді.
Аталған заң Мемлекеттік тудың қолданылу аясын кеңейтіп қана қоймай, халық арасында, әсіресе жастардың бойында отаншылдық сезімді күшейтуге, ең бастысы, халық пен мемлекеттік рәміздер арасындағы тығыз байланысты нығайтуға негіз қалады.