Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бүгін – ЮНЕСКО ұйымының туған күні
14:58 / 2020-11-16

Бүгін – Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы ЮНЕСКО-ның туған күні. Атаулы ұйым 1945 жылы қарашаның 16-да құрылған. Дәл осы күні Лондонда өткен конференцияда оның Жарғысы қабылданып, оған 37 мемлекет қол қойды. Жаңа ұйымның мақсаты «адамзаттың интеллектуалды және моральдық ынтымақтастығын» қамтамасыз етуге көмектесіп, сол арқылы жаңа дүниежүзілік соғыстың басталуына жол бермеуді көздеді.

ЮНЕСКО Жарғысы 1946 жылы 20 мемлекет: Австралия, Англия, Бразилия, Грекия, Дания, Доминикан Республикасы, Египет, Үндістан, Канада, Қытай, Ливан, Мексика, Жаңа Зеландия, Норвегия, Сауд Арабстаны, Америка Құрама Штаттары, Түркия, Франция, Чехославакия  және Оңтүстік Африка Республикасы бекіткеннен кейін күшіне енді.  

Бүгінгі таңда ЮНЕСКО құрамына 193 мемлекет мүше.