Бүгін Сайыпқыран Әмір Темірдің туған күні
Әмір Темір 1336 жыл 9 сәуірде Мәуереннахрдағы Кеш қаласында, Шахрисабздың оңтүстік-батысындағы Қожа-Илғыр ауылында дүниеге келген. Әмір Темір құдіретті қолбасшы ғана емес, ұлы ойшыл, мәдениет пен өркениетке ерекше назар аударған өз дәуірінің ұлы тұлғасы.
Кезінде 27 мемлекетті қол астына бағындырған әлем жаулаушысы ұлы қолбасшының туғанына биыл 685 жыл толуда. Темірдің туған жылы туралы монғол, қытай деректерінде 1333, араб, парсы деректерінде 1336, ал еуропалық қайсыбір деректерде 1337 жыл деп жазылған. Дегенмен, 1996 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Өзбекстанда Әмір Темірдің 660 жылдық мерекесі тойланған.
Әмір Темір 1370 жылы Самарқандта таққа отырып Мәуренахрдың билігін қолына алды. Қытаймен Делиге дейінгі бүкіл Азияны, Ирак, Сирия және Измирге дейінгі Анадолыны бағындырып, Қытайға жорыққа бара жатып 1405 жылдың 20 ақпанда Отырарда қайтыс болған.