Өзбекстан Республикасының «Олий Мажлис» Заң шығарушы палатасының депутаты Расул Кушербаев 1987 жыл 12 қаңтарда Ташкент облысының «Қосағаш» ауылды мекенінде туған.
Ол 2010 жылы Өзбекстан Мемлекеттік Әлем Тілдері Университетін «Халықаралық журналистика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Ташкент мемлекеттік заң университеті магистранты.
Бүгінгі таңда Расул Кушербаевтың қоғамдағы өзекті проблемаларды көтерудегі белсенділігі, халықты ұзақ жылдардан бері мезі еткен қиын мәселелерді оңтайлы шешім табуына батыл қадам тастаған әрекеті көпшіліктің көкейінде оны «қаһарман» образында бейнелеген болса ғажап емес.
Айтпақтай-ақ, оның істеген жұмыстары халық ықыласына бөленгендігінің арқасында Өзбекстан Ұлттық ақпараттық агенттігі – ӨзА жыл сайын ұйымдастырып келе жатқан тәуелсіз сауалнамаға орай Расул Кушербаев 2020 жыл Өзбекстанда «Жыл адамы» атанды. Ал 2019 жылда «Жыл депутаты» атанған болатын.
Расул Қыдырәліұлының бүгінгі мерейлі туған күнімен «ӨзА» ұжымы шын жүректен құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тілейді.