Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бүгін Қырғызстанда ұлттық аза тұту күні
09:45 / 2022-09-19

2022 жыл 19 қыркүйек Қырғызстанда, өткен апта соңында қырғыз-тәжік мемлекеттік шекарасындағы қақтығыстар кезінде азаматтардың қайтыс болуына байланысты ұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Қырғыз Республикасы Президенті Садыр Жапаров ұлттық аза тұту күнін жариялау туралы қол қойған жарлықта, бүкіл ел бойынша ұлттық аза тұту күні, сондай-ақ шетелдегі дипломатиялық және консулдық мекемелердің ғимараттарында Қырғыз Республикасының мемлекеттік тулары жартылай ілінетіні атап өтілген. 

Сонымен қатар, осы күні мәдениет мекемелерінде ойын-сауық шаралары өтпейді және телерадиокомпаниялар көңіл-көтетерін бағдарламалар көрсетпейді.

16 қыркүйек күні таңертең Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы бірнеше учаскеде атыс болып оның салдарынан 134 адам жарақат алған және 36 адам көз жұмды. Қырғыз-тәжік шекарасындағы қарулы қақтығыс салдарынан Баткен және Лейлек аудандарындағы жеті ауылдың, Ош облысының Шоң-Алай ауданындағы Жекенді ауылының тұрғындары үйлерін тастап кеткен.

Осы жағдайға байланысты Баткен облысында төтенше жағдай режимі енгізілген.