Бүгін – Қазақстанда Тәуелсіздік күні
Бүгін - 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздік алғанына 29 жыл толды.
Алғаш бұл күн КСРО тарағаннан кейін 1991 жыл Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңға қол қойып 16 желтоқсан күнін Қазақстанның Мемлекеттік тәуелсіздігі деп жариялады.
Сол күннен бастап Қазақ елі бұл күнді ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі ең жоғары мереке ретінде тойлайтын болғандықтан күнтізбеде атаулы күн демалыс болып, елдің түкпір-түкпірінде әр түрлі көңіл көтеретін мерекелік шаралар өтіп, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады.
Бүгінгі таңда бүкіл әлем алдында өзіндік беделі мен мемлекеттік даңқы асқақ Қазақстанның Мемлекеттік Тәуелсіздік күні құтты болсын!