1 желтоқсан Қазақстанда Тұңғыш Президент күні мерекесі аталып өтеді.
Айтулы күн 2011 жылдың 10 желтоқсанында ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының бастамасымен бекітілген болып, «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтыру енгізілді және 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні деп белгіленді.
1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстан тарихындағы тұңғыш жалпыхалықтық сайлау өтіп, онда 8 788 726 азамат қатысты және сайлаушылардың 98,78 пайызы Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс беріп, Тұңғыш Президент ретінде таңдады. Осы мерекенің әр 1 желтоқсан сайын тойлануында осындай мән жатыр.
Ал, 2011 жылғы 14 желтоқсанда Қазақ елінің басшысы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды. Онда 1 желтоқсанда аталып өтілетін жаңа мемлекеттік мереке - "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін" белгілеу көзделген. Бүгінгі мейрам сол күннен бастап мерекелік күн ретінде тойланып келеді.
Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев адамзат баласына бір емес, бірнеше жаһандық жоба ұсынған және оның жүзеге асуына тікелей ықпал еткен тарихи тұлға.
Осындай игі бастамашыл, мәмілегерлігі, бейбітқұмарлығының арқасында Дүниежүзінде «Назарбаев моделі» деген тіркес һәм түсінік қалыптасты.
Ең алдымен Қазақстанның экономикалық қуатын арттыру үшін сыртқы әлеммен сауда-экономикалық һәм инвестициялық байланыс жасауға басымдық бере отырып өзге елдер жүз жылда әупірімдеп жүріп жеткен жетістікке қысқа уақытта жетуіне ықпал етіп Қазақ елін әлем танитын, құрметтейтін және пікірімен санасатын тәуелсіз мемлекетке айналдыралды.
Әлемдік саясат сахнасындағы Елбасының «Ядролық қарудан бас тарту» бейбіт бастамасы жаһан жұртын дүр сілкіндірді. «G - Global» осы бастамалар қатарында адамзаттың саяси-әлеуметтік және экономикалық мәселелерін мемлекетаралық деңгейде талқылайтын көпфункциялы платформаға айналды.
Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК) құруға қатысты жаһандық бастамада бүгінде жоғары деңгейде ынтымақтастық пен ұжымдық қауіпсіздік тұжырымдамасын үйлестіру үшін қазіргі қауіп-қатерлер мен сын-тегеуріндерге жауап бере алатын кеңес алаңы болды.
Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен құрылған Еуразиялық экономикалық одақ, осыған мүше елдер арасында еркін экономикалық ықпалдастық арттың артуына себеп болды және алыс-берісті ұлғайтты.
Бүгінде түркі әлемін біріктіретін «Түркі Мемлекеттерінің Ұйымына» айналған ортақ алаң 2009 жылдың 3 қазанында Әзербайжанның Нахчыван қаласында өткен Түркітілес мемлекеттер басшыларының 9-саммитінде қол қойылды. Ал кеңес құру туралы бастаманы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев көтеріп, оған Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия басшылары қолдау көрсетті. Қазіргі кезде ұйымға Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан мүше.
Қазіргі таңда Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы басшысы болғанына орай, тұңғыш Президент ерекше құқыққа ие тұлға болып саналады. Оның тәуелсіздіктің елең-алаң шағында атқарған қызметі заңнамалық тұрғыдан жоғары бағасын алған. «Тұңғыш Президент», «Елбасы», «Ұлт көшбасшысы» деген ресми мәртебелері бар.
2019 жылдың 19 наурызында Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Президенттік өкілетін тоқтату туралы мәлімдеп, оны қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа табыстаған болатын.