2006 жылдан бастап Өзбекстанда қараша айының екінші жексенбісі «Медицина қызметкерлері» күні ретінде аталып келеді.
Осы мерекеге орай Мемлекет басшысы Шавкат Мирзияев медицина мамандарына құттықтау жолдап: Ең алдымен, өз өмірін халықтың денсаулығын сақтау сынды жауапты және құрметті жұмысқа арнаған кәсіби мерекеңіз - Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтағым келеді және сіздердің барлығыңызға шынайы құрметім мен ізгі тілектерімді білдіруге қуаныштымын, деді.
Биылғы кезең медицина саласына өте сынақты жыл болды десек дұрыс шығар. Өйткені Covid -19 коронавирусының тарауының алдын алу, Жер бетіндегі барлық елдің медицина саласында жұмыс істейтін мамандарының қажырлы еңбегіне тікелей қатысты болды. Күндіз-түні ұйқы көрмей адамзат үшін еңбек еткен ақ халаққы жандардың арқасында бұл індеттің тарауы бесеңдеді. Алдағы күндері осы ауруға байланысты жасалып жатқан вакцинаның да шығып Әлем халқы бұл күндерді артта қылдыруына сенеміз.
Осы орайда бүгінгі Өзбекстандағы өз мекесі күнін азаматтардың амандығы үшін демалыссыз өткізіп, олардың сауығып кетуіне атсалысып жатқан ақ халатты абзал жандарды құттықтаймыз.