Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бүгін – Халықаралық жемқорлықпен күрес күні
13:10 / 2020-12-09

Бүгін – Халықаралық жемқорлықпен күрес күні. Бұл күннің тарихы 2003 жылдан бастау алатын болып, ол Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен атап өтіледі.

2003 жылы 9 желтоқсанда Мексиканың Мерида қаласында өткен жоғары деңгейдегі саяси конференцияда Бас Ассамблея қабылдаған БҰҰ-ның Жемқорлыққа қарсы Конвенциясы қол қою үшін ашылды.  

Құжат, оған қол қойған мемлекеттерді пара алу, бюджет қаражатын жымқыру және сыбайлас жемқорлық жолымен алынған кірістерді заңдастыру қылмыстық құқық бұзушылық туралы жариялауға міндеттейді. Конвенцияның бір ережесіне сәйкес, қаржыны олар сыбайлас жемқорлық нәтижесінде келген елге қайтару қажет.

2003 жылғы Конвенция – бұл түрдегі қабылданған алғашқы конвенция болып, ол барлық құрылымдардағы сыбайлас жемқорлық ұлттық әл-ауқатқа зиян келтіретін елдер үшін өте маңызды саналады.

БҰҰ мәліметтері бойынша бүгінгі таңда параның жылдық көлемі 1 триллион долларды құрайды. Сыбайлас жемқорлықтың кесірінен әлемдік экономика тағы 2,6 трлн доллар жоғалтады. Бұл қаражат жалпы жаһандық ішкі өнімнің бес пайызынан астамын құрайды екен.