French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бүгін – Халықаралық әйелдер күні мерекесі!
10:41 / 2024-03-08

Жер жаһанды шуаққа бөлер ерте көктемнің елеулі күні 8 наурыз – Халықаралық әйел-қыздар мерекесі.

Айтулы күнді өткізу идеясы алғаш 20 ғасырдың басында пайда болды. Бірінші Ұлттық әйелдер күні Америка Социалистік партиясының шешіміне сәйкес 1909 жылы 28 ақпанда Америка Құрама Штаттарында атап өтілді. 

1911 жылы 19 наурызда Халықаралық әйелдер күні алғаш рет Австрия, Германия, Дания және Швейцарияда мерекеленді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы 1975 жылды Халықаралық әйелдер жылы деп жариялап, сол жылғы наурыздың 8-інен бастап Халықаралық әйелдер күні ретінде ресми түрде тойлана бастады.

Айтпақтай-ақ осы мезгіл мен бүгінгі мамыражай күннің шынында әйелдер қауымы сынды әлем жүзіндегі тіршілік атаулыға шуақ шашып жарық сыйлайтын жылы лепті ұқсастығы, жасару мен жаңару көрінісі тегінде жаратқанның жіберген сыйы болса керек. Расында халық арасындағы ұлағатты сөзге құлақ түрсек, әлемде ең ұлы үш нұр бар. Алғашқысы күннің нұры, екінші даналық нұры, ал үшіншісі ананың нұры дейді. Осыдан-ақ аңдамау мүмкін емес қой жер бетіндегі тіршілік атаулының анадан тарйтын ұғым екенін.

Осынау айтулы күннің шығу тарихынанда белгілі болғандай, олар өзінің соншалықты нәзік жан болуына қарамай ішкі жан дүниесі соншалықты батыр екенінің арқасында бір қолымен бесікті – бір қолымен әлемді тербеп тұр. Ардақты аналар мен аяулы арулар, сіздердің бүгінгі төл мерекеңіз құтты болсын. Әрқашан мына көктем секілді жанға шуақ, көңілге жылулық сыйлап жүріңіз!