Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бүгін - Халықаралық студенттер күні
14:35 / 2020-11-17

Халықаралық студенттер күні (International Students' Day) 1946 жылдың 17 қарашасынан бері аталып келеді. Бұл мерекенің даталы күндер қатарына енуі Чехияның Прага қаласында өткен Халықаралық студенттер конгресінде қабылданған.

Бүгінгі таңда Халықаралық студенттер күні көңілді оқиғаларға толы болса да, оның шығу тарихы көңілсіз жағдаймен байланысты. Оқиға 1939 жылдың 28 қазанында орын алған. Онда фашистердің басқыншылығында қалған Чехословакия елінің студенттері мен оқытушылары Чехословакия елінің құрылғанына бір жыл толуына орай (28 қазан 1918 жыл) шеруге шыққан және бұл митингіні басқыншылар күшпен тоқтатып, медицина факультетінің Ян Оплетал (Jan Opletal) есімді студентін атып өлтіреді. 

Студентті жерлеу рәсімі 15 қараша күні өтіп, қалың студенттер шеруі қайта ұласқан. Бұл шеру кезінде ондаған студент ұсталып, қамалды. 17 қараша күні гестапашылар таңертең студенттер жатақханасын қоршап ылып, нәтижесінде 1200-ден аса студент қолға түсен және біразы Заксенхаузендегі концлагерьге айдалған. Осы шеруде студенттер арасында белсенді болған он шақты жас өспірім ешқандай соттың шешімінсіз Рузина ауданындағы түрмеде дарға асылған. Осыдан кейін Гитлердің әмірімен чех жеріндегі барлық жоғарғы оқу орындары соғыстың соңына дейін жабылды. Міне дәл осы оқиғаға байланысты 1946 жыл 17 қараша күні Прагада өткен Дүниежүзілік студенттер конгресінде атаулы күн Халықаралық студенттер күні болып белгіленді.