Бүгін – Халықаралық кино күні
Бүгін – Халықаралық кино күні. Атаулы күннің мерекелік датаға айналу тарихы, 1895 жылдың 28 желтоқсаны күні орын алған. Онда француздық ағайынды Люмьерлердің «Пойыздың Ла Сьота вокзалына келуі» атты кинематография тарихындағы алғашқы қысқаметражды фильм көрсетілді.
Париж қаласының Капуцинок бульварындағы «Гранд-кафеде» көрсетілген фильмнің құрметіне осы күн Халықаралық кино күні мерекесі деп жарияланды.
Ақша үшін көрсетілген алғашқы фильмнің тұсаукесерінде «Пойыздың келуі» көрсетілімі кино түсінігінен бейқабар қалың көрермендер арасында дүрбелең тудырған. Ондағы жағдай бойынша экранда келе жатқан пойыз адамдар өздерін басып кете ме деп қорқып, орындарынан секіре, залдан жүгіріп қашқан.