Бүгін – Халықаралық энергия үнемдеу күні
11 қараша – Халықаралық энергия үнемдеу күні. Бұл мерекені белгілеу туралы шешім 2008 жылы сәуірде Қазақстанда өткен SPARE халықаралық үйлестірушілер жиналысында қабылданып, сол жылдың қарашасында әлемде алғаш рет Энергия үнемдеу күні аталып өтті және мереке халықаралық мәртебеге ие болды.
Мерекенің басты мақсаты - билік пен қоғам назарын ресурстарды ұтымды пайдалануға және жаңартылатын энергия көздерін дамытуға аудару. Энергия үнемдеу проблемасы бір қарағанда көрінгеннен әлдеқайда терең. Энергияны үнемдеу қоршаған ортаның ластануын азайтады.