Бүгін – Халықаралық асықпау күні
Бүгін – Халықаралық асықпау күні. Атаулы күн бүгінде әлемнің 90-нан астам ел астаналарында атап өтіледі.
2007 жылы мерекелік күнтізбеде пайда болған бұл күннің мәні өмірдің әр сәтінен рахат алу. Бір қызығы, осы бір ерекше мейрамды тойлауды қызуқанды әрі екпінді итальян халқы бастапты. Әлемдегі жұмыс істейтін адамдардың басым көпшілігі күніне 12 сағаттан артық уақытын кеңседе немесе басқа жұмыс орнында өткізуге мәжбүр. Ол адамның физикалық және психикалық денсаулығына зиян тигізетіні сөзсіз. Сондықтан итальялықтар мұндай мереке қазіргі қоғам үшін өте қажет деп санап, «Асықпай, әр сәттен рахат ал» деген ұранмен «Асығыссыз өмір сүру өнері» қауымдастығы осы идея ұсынған.