Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Бүгін – Халқаралық балаларды қорғау күні
09:39 / 2021-06-01

Бүгін – Халқаралық балаларды қорғау күні. Атаулы күнді атап өту жайлы Парижде 1949 жылдың қараша айында Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданды.

Тарихта алғаш рет халықаралық балаларды қорғау күні арадан бір жыл өтіп 1950 жылда әлемнің көптеген елінде мерекеленді.

Өткен ғасырдың екінші жартысынан басталар атаулы дата біздердің болашағымыз, ұрпағымыздың жалғасы, сан ғасырлық салт-дәстүрімізді жалғастырушы ізбасарлары болып табылатын балалар күні елімізде жыл сайын көтеріңкі рұхта өткізіліп келеді. 
Бүгінге дейін жер бетінде 71-ші мәрте мерекеленіп келе жатқан жаздың алғашқы жайма шуақ жылы күнін БҰҰ дер кезінде қолдап, балалардың өмірін, олардың құқығын, денсаулығын қорғауды өз қызметінің басты бағыттарының бірі ретінде қоғамға енгізе алды.

Сондықтан балаларды бағалайық, олардың қайта оралмас бал-бұл шағында, бақытты өмір кешуіне әрбіріміз атсалысайық.