Бүгін – Дүниежүзілік үй жануарлары күні
Бүгін – Дүниежүзілік үй жануарлары күні. Бұл мерекені белгілеу идеясы 1931 жылы Флоренцияда (Италия) өткен Халықаралық табиғат қозғалысын қолдаушылар конгресінде айтылып, онда әр түрлі табиғатты қорғау ұйымдары мен қоғамдық бірлестіктері планетадағы барлық тіршілікке, оның ішінде үй жануарларына қамқорлық жасауға бағытталған әр түрлі бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға дайын екендіктерін мәлімдеді.
Содан бері мереке жыл сайын өткізіліп келеді. Соңғы жылдары «Қоңырау» акциясы бүкіл әлемде кеңінен тарала бастады - кез-келген қаланың немесе елдің хайуанаттар бағында балалар бір минут ішінде қоңырау соғып, осылайша барлығының назарын жануарларды қорғау мәселелеріне аударуды ұйғарған.