Бүгін – Дүниежүзілік үстел теннисі күні
Бүгін – Дүниежүзілік үстел теннисі күні. Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) бастамасымен ол алғаш рет 2015 жылдың 6 сәуірінде мерекеленді.
Спорттың бұл түрін халықаралық деңгейде мерекелеуден мақсат оны түрлі елдерде кеңінен насихаттау, оған әуес адамдардың басын біріктіру және, салауатты өмір салтын насихаттау.
Тарихқа назар аударсақ үстел теннисі («пинг-понг» деп те аталады) бір ғасыр бұрын пайда болған және1988 жылдан олимпиадалық ойындар қатарына енді.