Бүгін – Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні
Бүгін – Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні. Халықаралық онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі одақ (UICC) бастамасымен қабылданған күннің мақсаты – осынау жаһандық проблема туралы әлемнің хабардарлығын арттыру болып табылады.
Ол 2000 жылдың 4 ақпанында Парижде өткен қатерлі ісікке қарсы дүниежүзілік саммитте онкологиядағы ғылыми зерттеулерді насихаттауға, қатерлі ісік ауруларының алдын алуға және науқастарға күтім жасауды жақсартуға бағытталған Париждің қатерлі ісік ауруын бақылау жөніндегі хартиясы қабылданды. Құжат Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күнін белгілеуге түрткі береді.
Халықаралық сарапшылардың болжауынша 2030 жылға қарай қатерлі дертке шалдыққандар саны қазіргіден екі есеге дейін артуы мүмкін.